Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кеше 28.03.2022 ж. кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу шеңберінде «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, Федоровка №1 және №2 орта мектептері және Пешковка орта мектебің шақыра отырып, Ашық есік күні шарасы ұйымдастырылды.

Мектеп түлектері біздің оқу орнымыздың мамандықтарымен, оқуға түсу ережелерімен және оқу шарттарымен танысты, оқу шеберханалары мен зертханалары көрсетілді.

Жоғары оқу орны мен колледж оқытушылары біздің зертханалық кабинеттерімізде өз мамандықтары бойынша қолданылатын оқу жабдықтарын көрнекі көрсетті.

Балалар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды, атап айтқанда: оқу ақысы мен жатақхана, оқуға жеңілдіктер, гранттар және басқа да сұрақтар.

Іс-шара соңында оқушыларға брошюралар мен түрлі-түсті жарнамалық буклеттер таратылды.

Пікір үстеу

Открыть чат