Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында ЖОО оқытушылары мен ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің оқытушысы Смағұлов Б.З., Арқалық қаласы мен Наурызым, Амангелді, Амантоғай аудандарда кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Жұмыс барысында 20 мектеп қамтылды. Мектеп оқушыларына мамандықтар, оқуға қабылдау ережелері, құжаттарды қабылдау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, колледж туралы бейнероликтер мен презентация көрсетіліп, кәсіптік бағдар беру материалдары, брошюралар және түрлі-түсті жарнамалық буклеттер таратылды.
Оқушылар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды, атап айтқанда: оқу ақысы мен жатақхана ақысы, оқуға жеңілдіктер, гранттар және т.б. сұрақтар қойды.