ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің оқытушылары Мамитанова Л.К., Саулембеков С.Е., Мурзатаева А.Ж. кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу аясында №4 жалпы білім беретін мектебіне және № 11 жалпы білім беретін мектепке барды.
Жұмыс барысында 130 оқушы қамтылды, оның ішінде тоғызыншы және он бірінші сыныптар қамтылды. Оқушыларға мамандықтар, оқуға түсу ережелері, біздің оқу орнымызда құжаттарды қабылдау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, колледж туралы бейнероликтер көрсетілді, кәсіптік бағдар беру материалдары, брошюралар мен түрлі-түсті жарнамалық буклеттер таратылды.
Балалар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды, атап айтқанда: оқу ақысы мен жатақхана, оқуға жеңілдіктер, гранттар және басқа да сұрақтар қойылды.