2021 жылғы 15 қарашадан 30 қарашаға дейін жас ұрпақтың кәсіпкерлік бастамалары мен бизнес дағдыларын қолдауға және дамытуға бағытталған Республикалық Гранд-турнир өтті. «Мен кәсіпкермін» Гранд – турнирі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, оған Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі колледж студенттері қатыса алды.
«Мен – кәсіпкермін» Гранд – турнирінің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті болып табылады.
Гранд-турнирдің негізгі міндеттері:
– өсіп келе жатқан ұрпақтың-нарықтық экономикасы бар қоғамда лайықты өмір сүре алатын адамдардың жаңа менталитетін қалыптастыру;
– кәсіпкерлік дағдылардың қажетті деңгейіне ие креативті ойлайтын жастардың әлеуетін дамыту;
– бәсекелестік жағдайында инновациялық идеяларды іске асыруға қабілетті қазіргі заманғы жастардың резервін құру.
«Мен-кәсіпкермін» Республикалық Гранд – турнирі онлайн режимде өтті.
«ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ студенттері шетте қалмай, турнирге белсенді қатысты. Олардың бірі «Жылу техникалық жабдықтар және жылумен жабдқтау жүйелері» мамандығының 4 курс студенті Бурштын Ангелина іскерлік экономикалық ойында «Ескі сабан мен шөптен отын брикеттерін дайындау» жобасын таныстырды. Бұл жобаны білікті қазылар алқасы бағалап, үздік жұмыс деп таныды. Жоба көпшілік алдында онлайн қорғау үшін ұсынылды, онда әрбір қатысушыға өз жобасын қорғауға және ұсынуға 5 минуттан аспайтын уақыт бөлінді, сондай-ақ қазылар алқасының жауаптары мен сұрақтарына 5 минут берілді. Жобаны қорғау және ойланып айтылған жауаптардың нәтижелері бойынша Ангелина лайықты 2 орынға ие болды. Бурштын Ангелина Арнайы пәндер оқытушысы Солонская Богдана Валерьевнаның жетекшілігімен сөз сөйледі.
2021 жылы ҚР Білім министрлігі пікірсайыс қозғалысын дамытуға үлкен көңіл бөлді. ҚР колледж студенттері арасында «Мен-кәсіпкермін» Республикалық Гранд – турнирі бұған тамаша мысал бола алады. Біздің колледж студенттері өздерінің шешендік қабілеттерін көрсету және өз шеберліктерін (дағдыларын) көрсету мүмкіндігін жіберіп алмады. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының екінші курс студенті Тыщенко Илья «Жылу техникалық жабдықтар және жылумен жабдықтау жүйелері» мамандығының 4 курс студенті Оспанова Ардақтың жетекшілігімен Парламенттік пікірсайысқа қатысты. Парламенттік пікірсайыс ойындарының қорытындысы бойынша колледж командасы 3 орынға ие болды.
Студенттер мен басшыларды жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта жеңістерің көп болсын!