«Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті (суицидтік) мінез-құлықтың алдын алу»

Бүгін 7 қазан күні колледжде бірінші және екінші курс студенттеріне арналған «Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті (суицидтік) мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәрісті колледждің педагог-психологы Галиева Ж.М. кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлыққа жол бермеу туралы жүргізді.

Сондай-ақ қазіргі студенттер арасында өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыру мақсатында жан-жақты ақпарат берілді.

Студенттер ақпаратты мұқият тыңдап, презентациядан алынған мәліметтермен танысып, осы дәріске белсене қатысып, сұрақтар қойды, практикалық жағдаяттарды талдады.

Дәріс соңында кәсіби көмекке қашан және қайда жүгіну керектігі туралы ұсыныстар айтылды.

Пікір үстеу

Открыть чат