Экскурсия

Темір жол және экономикалық пәндер ПЦК онкүндігі аясында 9 наурызда Қостанай станциясына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға 2ОПУ-48Б тобының студенттері ат салысты. 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы Қостанай станциясының бас инженері Төрежанов Жаслан Батырханұлы Қостанай станциясының Басты паркі туралы айтып, станцияның басқару пультін, ДСП және ДСПЦ жұмыс орындарын көрсетті, экскурсия барысында студенттерге жүк пойыздарының қозғалысы көрсетілді. Келесі кезекте, станцияның қуаттылығы төмен дөңес көрсетілді, онда олар пойыз құрастырушының жұмысы туралы толығырақ айтып берді. Студенттерге дөңестегі кезекшінің жұмыс орны көрсетілді, ал дөңестегі пойыздарды құрастыру ретін өзі толығырақ көрсетіп, вагондарды қалай сұрыптайтынын айтып берді. Содан кейін балалар ДС бас ғимаратына барды, онда балаларға маневрлік және поездық диспетчердің жұмысы көрсетілді. Орындалған ДСП және ДСПГ қозғалысының кестелері айқын көрсетілді.

Студенттер белсенді тыңдап, көптеген сұрақтар қойды. Болашақ мамандар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты тыңдап, тиісті құжаттарға қол қойды.

Студенттерге өте ұнады, көбісі таңдаған мамандығына қызығушылық танытты.

Пікір үстеу

Открыть чат