ХХІ ғасырдағы жастар ғылымы: дәстүрлер, инновациялар, даму векторлары

Халықаралық ынтымақтастық аясында колледж студенттері Самара мемлекеттік қатынас жолдары университеті мен Орынбор қатынас жолдары институтының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдағы жастар ғылымы: дәстүрлер, инновациялар, даму векторлары» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Конференцияның 7 негізгі бағыты болды. Конференцияда әлеуметтік-мәдени даму мәселелері, іргелі, қолданбалы, ақпараттық және телекоммуникациялық зерттеулер және теміржол көлігі саласын дамыту векторлары қозғалды.

Студенттердің жұмыстары сертификаттармен марапатталып, конференция материалдарының жинағына енгізілді.

Пікір үстеу

Открыть чат