Халықаралық ынтымақтастық

Біздің колледждің халықаралық білім беру ынтымақтастығы бойынша серіктестері «Оренбург темір жол көлігі техникумы» болып табылады.

Бүгін 10.06 халықаралық ынтымақтастық аясында онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында колледж туралы онлайн-презентация өткізілді, өзара ынтымақтастық туралы мәселелер қаралды, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды: ғылыми-зерттеу конференцияларына, олимпиадаларға, пәндік-циклдік онкүндіктерге, Педагогикалық оқуларға, фестивальдар мен тәрбие бағытындағы конкурстарға қатысу.

Тәжірибе, идеялар және технологиялармен алмасу мүмкіндігі колледждің педагогикалық және студенттік ұжымына алға жылжуға және халықаралық ынтымақтастық қызметінің бағыттарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Открыть чат