Халықаралық педагогикалық оқулар

25 февраля 2022 года  преподаватели колледжа: Паникар Сергей Николаевич,МамитановаЛаззатКалижановна,ЖолдыбаеваСаулеБатырхаировна, ЖаксалыковаКунсулуСалыковна,АргимбаевТемирланЕрланович,Муратов БекнурАбсатович, в рамках международного сотрудничества,  приняли участие в педагогических чтениях.

2022 жылдың 25 ақпанында колледж оқытушылары Паникар Сергей Николаевич, Мамитанова Лаззат Калижановна, Жолдыбаева Сауле Батырхаировна, Жаксалыкова Күнсұлу Салыққызы, Аргимбаев Темирлан Ерланович, Муратов Бекнур Абсатович халықаралық ынтымақтастық шеңберінде педагогикалық оқуларға қатысты.

Тақырыбы «Кәсіби білім беру ұйымының жұмысындағы педагогикалық дәстүрлер мен инновациялар » теміржол көлігі Барнаул лицейі ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарының халықаралық қатысуымен аймақтық іс-шара өткізілді.

Педагогикалық оқулардың мақсаты – озық тәжірибелерді анықтау, кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің ынтасын және шығармашылық белсенділігін арттыру.

Педагогикалық оқулар секцияларының тақырыптары:

Секция 1. Заманауи педагогикалық технологиялар мен оқыту әдістемелері оқыту сапасын арттыру шарты ретінде.

Секция 2. Білім беру нәтижесінің сапасын бағалау жүйесіне көзқарастар: ішкі бағалау нәтижелерінен білім беру сапасын тәуелсіз бағалауға дейін.

Секция 3. Білім алушыларды тәрбиелеу мәселелері бойынша Ресей Федерациясының нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістерге сәйкес кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие қызметін ұйымдастыру.

Педагогикалық оқулардың барлық қатысушылары кәсіби білім беру саласында практикада талап етілетін пайдалы тәжірибе алды.

Пікір үстеу

Открыть чат