Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында колледжде жерлесіміз Қадамбаев Тоқтарбай Қадамбайұлының «Ел бағы – Ел басы» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға колледждің 1-2 курс студенттері қатысты. Тұсаукесерге қатысушыларды М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ президенті, экономика ғылымдарының докторы Есмұратов Сәбит Парызұлы құттықтады. Кездесу барысында студенттер Тоқтарбай Қадамбайұлының өмір тарихынан жан-жақты хабардар болып, шығармышылығымен танысты.
Тұсаукесер барысында студенттер автордың өлеңдерін жатқа оқып кездесуді жақсы көніл күйде өткізді. Іс-шараның соңында Тоқтарбай Қадамбайұлы студенттерге білімге талпынуға сонымен қатар жеткен жетістіктерге тоқтап қалмауды тіледі.