Бүгін колледжіміздің қабырғасында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ жоспары бойынша «Егер қиын болса – жай ғана қоңырау шал» жарнамалық-түсіндіру акциясы өткізілуде.
Акция мақсаты: кәмелетке толмағандар және олардың ата-аналарын(заңды өкілдерін) облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы хабардар ету, колледж білім алушыларына психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен ата-аналар қоғамының психологиялық сауаттылығын арттыру.
«Ашық жүрек» клубының волонтерлері педагог-психологпен бірлесіп қоңырау кезінде студенттерге сенім телефоны туралы парақшалар таратты, стендке қажетті ақпараттар ілініп, білім алушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында осы акция жүйелі түрде өтетініне кәміл сенімдіміз!