Казаков Анатолий Иванович

Білімі: Білімі: жоғары, техника және технологиялар магистрі 

М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік – экономикалық университеті 2003ж, экономикадығы ақпараттық жүйелер, ақпараттық жүйелер маманы.

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР ЖӘНЕ САЙТ ҚОНАҚТАРЫ!

«КИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ сайтына қош келдіңіздер, мұнда сіз біздің оқу орнымыз туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз.

Мамандық таңдау-әр адамның өміріндегі маңызды және шешуші қадам. Бүгінгі дұрыс қабылданған шешім сізге болашақта сұранысқа ие маман және табысты адам болуға мүмкіндік береді.

Заманауи маманды сапалы даярлау жабдықталған материалдық-техникалық базаны, оқу процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді талап етеді. Біздің колледжде жоғары кәсіби деңгейде білім алуға мүмкіндік беретін зертханалар мен шеберханалар бар. Колледж 17 жыл бойы Қазақстанның, атап айтқанда, Солтүстік өңір үшін көлік және өнеркәсіп салаларының кадрларын даярлауда.

Жұмыс істеген жылдары ішінде әлеуметтік серіктестермен достық және іскерлік қатынастар қалыптасты. Олар – «ҚТЖ» АҚ Жүк тасымалдау- «Қостанай ГП бөлімшесі», «АгромашХолдинг» АҚ, «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС, «ҚТЖ» «ҰК» АҚФ «Қостанай сигнализация және байланыс дистанциясы», ССКӨБ АҚ, «Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» КМҚК және облыстың басқа да кәсіпорындары.

«ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ қызметінің басты мақсаты – түлекті даярлау сапасы әлеуметтік серіктестердің, әлеуетті жұмыс берушілердің қолданыстағы және перспективалық талаптарына сәйкестігі.

Басты міндет — оқу, сонымен қатар колледждегі студенттік өмірде өте маңызды сәттердің бірі болып келеді. Өйткені, студенттік кезең-өмірдің ең жақсы кездерінің бірі. Бізде дәстүрлі түрде түрлі байқаулар, викториналар, тақырыптық кездесулер мен кештер, жарыстар, КВН, мерекелер өтеді. Студенттердің ғылыми бірлестіктері мен қызығушылықтары бойынша клубтар құрылды. Бізде студенттердің шығармашылық, спорттық және қоғамдық қызметте өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажеттінің бәрі бар.

Біздің колледждің түлектері қазіргі әлеуметтік және экономикалық жағдайда тиімді жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті мамандар деп сенімді айта аламын.

«ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ-ндегі оқу тұрақты, перспективалы, лайықты болашаққа сәтті бастамаңыз болсын.

Казаков Анатолий Иванович «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ директоры

Техника және технологиялар магистрі

 

Қабылдау уақыты

КЕҢЕС БЕРУ

УАҚЫТЫ

АПТА КҮНІ

КАБИНЕТ

Студенттер

15:00 — 16:00

сәрсенбі

307Б

Ата-аналар

15:00 — 16:00

бейсенбі

307Б

Оқытушылар

16:00 — 17:00

бейсенбі

307Б

ДИРЕКТОРҒА СҰРАҚТАР