Бірінші курс студенттері үшін «Digital-аналитикке саяхат»Квест-ойыны ұйымдастырылды және өткізілді. Ойынның тақырыбы «Сандық трансформация дәуіріндегі аналитика». Ойын форматы бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезең-тапсырма жасырылған орынды табу. Екінші кезең – QR-кодты пайдалана отырып, тапсырма алу қажет болды. Үшінші кезең-әр түрлі мессенджерлерді қолдану арқылы жауаптар жіберу. Ойын студенттерге өте ұнады. Олар көптеген жағымды эмоциялар алды, өздерінің коммуникативтік, ұйымдастырушылық, шығармашылық қабілеттерін көрсетті және қойылған міндеттерді шешу үшін қажетті дағдыларды алды.