«Давай, танцуй!»

27 қазан күні МҮ «Мирас» қабырғасында облыстық «Давай, танцуй!» жобасының жартылай финалы колледждердің би командалары арасында өтті. Жобаның ұйымдастырушылары «Қостанай облысы əкімдігінің білім басқармасы» ММ мемлекеттік əлеуметтік тапсырысы бойынша «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қоры.

Жартылай финалға 6 команданың арасында біздің колледжіміздің студенттері де қатысты.
Әр команда «Стильдендірілген халық биі» және «Образ» тақырыптары бойынша екі қойылым көрсетті. Біздің команда бірінші сайыста жапон биін ұсынды. Ал «Образ» сайысында біздің 2 курс студенті Кужахметов Алдяир «Шаолинь» стиліндегі қойылымды көрсетті.

Би жобасының финалы қараша айының соңғы аптасында өтетін болады.

Біздің балаларымызға финалда сәттілік тілейміз!

Пікір үстеу

Открыть чат