18 қараша күні «Кітап оқитын колледж» жобасы аясында Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы біздің колледжімізде ұлы ағартушы, ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист А. Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған портрет кешін өткізді. Кітапхана қызметкерлері А. Байтұрсынұлының өмірінде орын алған қызықты деректерді ортаға салды, оның идеяларының өзектілігі туралы айтып беріп, Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК ұлт ұстазының мерейтойына орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар студенттер мен педагогтар аталған тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмесін, таныстырылымды және бейнероликтерді тамашалады. Біздің студенттеріміз де мерейтой күніне бейжай қарамай, А.Байтұрсынұлының өлеңдерін оқыды. Іс-шара жайбарақат және жанға жылы жағдайда өтіп, көрермендердің көңілінен шықты.