Кеше жастар ресурстық орталығының базасында волонтерлік «ВIRGEMIZ: AYALA» бағыты бойынша үй және үйсіз жануарларға күтім жасау бойынша дәріс-тренингі өтті.
Тренингте студенттерге жануарларды азықтандыру, серуендету ережелері туралы айтылды, күтім бойынша кеңестер берілді, сондай-ақ жарақаттанған жануарларды тапқан жағдайда қайда жүгінуге болатыны туралы ақпаратпен бөлісті.
Студенттерге өте ұнады, көптеген қызықты мәліметтер алды, берілген ақпаратты назарға алды.