Бүгін колледжде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай фтизиатр дәрігер Елена Шимовна Мельникованың қатысуымен «Туберкулездің алғашқы белгілері және алдын алу» тақырыбында дәріс өтті.
Елена Шимовна аурудың пайда болу себептерін анық көрсетіп, осы ауруды ерте анықтау және алдын алу жолдары туралы айтты.
Студенттер қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.