Бүгін жалпы білім беру пәндерінің ПЦК онкүндігі аясында оқытушылар Жолдыбаева С.Б., Аргимбаев Т.Е., ғылым күніне арналған «Қазақстан ғылымының даму эволюциясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына 1 курс студенттері мен оқытушылар қатысты.
Талқылауға келесі мәселелер шығарылды:
-
Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, көрнекті ғалым Қ.И. Сәтбаев туралы.
-
Бекмаханов Ермұхан Бекмаханұлының ресми теориясына қарсы шығудан қорықпаған ғалым, Қазақ тарихының алғашқы ізашары туралы.
-
Ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
-
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Манаш Қабашұлы Қозыбаева туралы.
Қорытындылай келе, ғылым біздің өмірімізде шешуші рөл атқарады және ғылымның даму деңгейі қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады деген қорытынды жасалды.