Біздің студенттер- ҚИО интернет-олимпиадаларының жеңімпаздары

Жыл сайын ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжінің студенттері КИО республикалық олимпиадаларына белсене қатысады. КИО зияткерлік олимпиадасы-Қазақстандық инновациялық білім беру жобасы. Осы олимпиадаларға қатыса отырып, студенттер өз білімдерін тексеріп қана қоймай, креативті ойлау, тұрақты өз бетінше оқу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.

Қазақ тілі бойынша КИО республикалық олимпиадасының көктемгі маусымында 1 курстың ОПУ-45кБ тобының 7 студенті қатысты, 1 турдан сәтті өтіп, 2 турда 4 жүлделі орынға ие болды: 1 орын – Гайпов Көшкінбай және Карбозов Сержан, 2 орын – Онайбекова Мерей және Кажанова Гүлзат. Студенттерді осы жеңісімен құттықтаймыз. Жарайсыңдар!

Пікір үстеу

Открыть чат