«ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ

 

талапкерлерді келесі мамандықтар бойынша қабылдайды:

 

 

Техникалық мамандықтар

 

 

07130400  Жылу техникалық  жабдықтар және жылу мен жабдықтау  жүйелері (түрлері бойынша) 

Техник-жылу технигі жылу-электр қондырғыларының жабдықтарын есептеу мен таңдауды орындайды; жылу-техникалық жабдықтар мен жылумен жабдықтау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді; энергия сақтау технологияларын қолданады; тиісті құжаттарды ресімдей отырып, жабдықтың монтаждау, сынау және жөндеуден өткеннен кейін, оның қабылдауын жүргізеді.

07150100 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) 

Техник-технолог бөлшектер мен тораптарды есептеу және құрастыру, технологиялық жабдықтың бөлшектерін монтаждау, реттеу және баптау, жөндеу әдістерін, технологиялық процестерді жобалау негіздерін білуі тиіс.

 

07130200     Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тұтыну, сондай-ақ өнеркәсіптік, тау-кен және ауылдық кәсіпорындарда электр жабдықтарын монтаждау, баптау және пайдалану мәселелерін шеше алатын техник-электриктерді даярлайды.

 

07151100 Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша) 

Техник-механик тоңазытқыш, жылу, механикалық жабдықтарға, кондиционерлерге қызмет көрсету жұмыстарын орындайды, автоматика құралдарын баптауды жүргізеді.

 

06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы. Жұмыс нысандары-есептеу орталықтары, бөлімдер, бағдарламалау зертханалары. Өндірістік – технологиялық және өндірістік – басқару қызметімен, сондай-ақ кез келген салада бағдарламалаумен айналыса алады.

10410200 Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Тасымалдауды ұйымдастырушы технигі поездардың қауіпсіз қозғалысын басқаруды қамтамасыз етуі, поездық, жүк және жолаушылар жұмысын ұйымдастыру әдістерін білуі тиіс.

07140700 Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару

Сигнализация, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсете алатын, теміржол көлігіндегі сигнализация және байланыс жүйелерінің электрлік принципті және монтаждық схемаларын оқи және құра алатын техник – электромеханиктерді дайындайды.

07310200 Геодезия және  картография

Компьютерлердің көмегімен геодезиялық аспаптар мен (CREDO) бағдарламаларды қолдана білетін техник – геодезистерді, жобаны натураға ауыстыру бойынша жұмыстарды орындауды, жерге орналастыру және кадастр мақсаттары үшін жобалау – іздестіру жұмыстарын жүргізуді, әртүрлі мақсаттағы аумақтарды жобалауды, жерге орналастыруды жүргізу кезінде қатынастарды құқықтық реттеуді, ҚР жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауды жүзеге асыруды дайындайды.

 

Экономикалық мамандықтар

04130100 Менеджмент (қолдану салалары бойынша)

АӨК түрлі салаларында ұйымдастыру – басқару, жоспарлау-экономикалық, талдау, әлеуметтік, ғылыми-зерттеу қызметі үшін кең бейінді менеджер мамандарды дайындайды

04110100 Есеп және аудит

Қазіргі заманғы есептеу техникасын пайдалана отырып, меншік нысанына қарамастан әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыстарды орындауға қабілетті есепшілерді дайындайды.

07880100 Стандарттау, метрология  және сертификаттау (салалар бойынша)

Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша өнім сапасын анықтай алатын, нормативтік-техникалық құжаттарды тани алатын, өнім сапасын тексеру тәсілдерін білетін стандарттау жөніндегі техниктерді дайындайды.

 

Техникалық мамандықтар бойынша күндізгі оқу түрі бойынша оқу мерзімі 9 сынып базасында – 3ж. 10 ай., күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша 11 сынып базасында -2 ж., 10 ай.

Экономикалық мамандықтар бойынша күндізгі оқу түрі бойынша оқу мерзімі-9 сынып базасында – 2 ж. 10 ай, күндізгі және сырттайтүрлері бойынша 11 сынып базасында -1 ж.,10 ай.

 

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:

  1. Білімі туралы құжат (КТМ, СПТУ, ГПТУ, лицейді бітіргені туралы диплом. Аттестат (түпнұсқа).
  2. Фото 3х4 -4 дана
  3. 075/Е медициналық анықтама (+флюросурет)
  4. 1 дана жеке куәлік көшірмесі../ туу туралы куәлік + 1 ЖСН көшірмесі
  5. Жетімдерге және оларға теңестірілген адамдарға қамқорлық туралы құжат
  6. ҰБТ сертификаты (болған жағдайда)

 

Колледж түлектернің М. Дулатов атындағы  Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.

 

Мекен жайымыз: 110007  Костанай қ., Чернышевский к-сі, 59;

 «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ

ҚИнЭУ аялдамасы  (5,12,27 автобустар)

Қабылдау  комиссиясы: 8-7142-28-29-58; 8-7142-28-02-60

Тел/факс: 8(7142) 39-47-70; 87057381206

Web- сайт:  www.college.kineu.kz

https://www.instagram.com/college_kineu/?igshid=u22ynryu1sov