2020 жылдың 19 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласындағы Министрлік үйінде 16 «Bilim-órkenirti»ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру саласының құрметті педагогы» аттыреспубликалық байқау жеңімпаздарының марапаттау шарасы өтті. ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің қазақ тілі пәні оқытушысы Бектасова Алтынай Аргынгельдиновна осы республикалық байқауына қатысып, «Білім беру саласының құрметті педагогы» атты Медалімен және І дәрежелі дипломымен мараттаталды. Байқаудың марапаттау рәсімі «Білімнің салтанат құруы»атты конференция барысында өтті, конференция ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор, ғалымдары қатысты.
Байқаудың мақсаты педагогтардың инновациялық әлеуетін арттыру, сондай-ақ зерттеушілік қабілеттерін дамыта отырып, тәжірибе алмасу, тәуелсіз Қазақ Еліне деген құрметін күшейту, отансүйгіштік сезімін арттыру болып табылады.