Батылдық сабақтары

2023 жылдың 16 қаңтар күні Мирас мәдениет үйінде Қазақстан
Республикасы Қорғаныс Министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті. Аталған
іс-шараның мақсаты: Қостанай қаласының ардагерлер мен жастар
ұйымдарын тарта отырып, "Батылдық сабақтарын" өткізу және әскери
қызметті насихаттау бойынша жұмыстар жүргізу.
Аталған іс-шараға біздің колледждің 2 курс студенттері қатысты.
Студенттер әскери-патриоттық, адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеу
туралы, әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды кеңінен түсіндіре отырып,
әскери қызметті насихаттау туралы, әскери қызметтің оң жақтары туралы
көптеген ақпарат алды. Сондай-ақ әскери-кәсіптік бағдарлау, әскери оқу
орындарына тегін негізде түсу тәртібі және оқуды бітіргеннен кейінгі
артықшылықтар, лауазымды тұлғалардың тәжірибесі туралы айтылды.

Пікір үстеу

Открыть чат