Бүгінде бүкіл әлем Қазақстандағы ағымдағы өзгерістерді бақылап отыр. Біздің елде болып жатқан өзгерістер көршілеріміздің, сондай-ақ саяси серіктестердің назарында.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы жариялады.
19.05. колледжде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы таныстыру бойынша облыстық мәслихат депутаты Г.К. Евсеевамен кездесу өтті. Оқытушыларға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енген ҚР Конституциясына негізгі түзетулер туралы ақпарат жеткізілді.
Президенттің айтуынша: «Конституциялық түзетулер жобасы бойынша азаматтардың жалпы дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарға берік ұстанымымызды көрсетеді. Алдағы референдум әрбір азаматтың Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуына мүмкіндік береді».