Қазақстан Республикасы колледждерінің «Топ 100 студенттері»

19 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы оқушылар Сарайында «Топ 100 студенттері» жобасының жеңімпаздарын құттықтау рəсімі өткізілді. Жоба Zhastar KZ аясында жүзеге асырылады. Жоба құрылтайшылары ретінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор» Холдингі ҰАҚ болды. Жобаға Қазақстан Республикасы аймақтарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.
Беляев Иван «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ 0907000 «Жылу техникалық жабдықтары және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша)» мамандығының 4 курс студенті ТжКББ ұйымдары арасында, аймақ деңгейінде және соңғысы республика деңгейінде жүзеге асырылған жобаға қатысып, дауыс беру нәтижелері бойынша 694 дауысқа ие болды.
Иван «Топ 100 студенттері» жобасының төс белгісі жəне грамотасымен марапатталды. Қазақстандағы Синергия университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев Иванға «Табыс негізі» тегін онлайн курсына сертификат табыстады.
ТСК «Титан» ЖШС біздің түлегіміз Беляев Иванға олармен жұмыс істеу ұсынысын жасады.

Пікір үстеу

Открыть чат