ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ТОП 100 СТУДЕНТТЕРІ


Сәлеметсіздер, достар, 12 қазанда «Қазақстан Республикасының ТОП 100 студенттері» республикалық жобасы басталды. Бұл жобаға республиканың үздік студенттері қатысады. Біздің колледж екінші жыл қатарымен «Қазақстан Республикасының Топ 100 студенті» жобасына қатысып келеді.
2019 жылы біздің колледждің «Жылутехникалық жабдық және жылумен жабдықтау жүйелері» мамандығының түлегі Беляев Иван үздік атағына ие болды. Биылғы жылы оқу орнының атын 3 курстың екі студенті Коваленко Наталья мен Салимов Руслан қорғауда.
Коваленко Наталья оқу озаты ғана емес, сонымен қатар облыстық және республикалық деңгейде үлкен жетістіктері бар спортшы болып танылған.
Біздің екінші үміткеріміз-біздің республикамызда ғана емес, халықаралық аренада танылған жас зерек, шахмат бойынша спорт шеберінің кандидаты- Салимов Руслан. 2019 жылы Руслан Үндістан елінің Дели қаласында өткен шахмат бойынша халықаралық рейтингтік турнирге қатысып, мықты шахматшылардың ондығына кірді. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы, Өзбекстан елдерінде өткен турнирлерге де бірнеше рет қатыстып, ел намысын қорғаған студенттердің бірі.
Бұл жобаға республиканың түкпір-түкпірінен 348 студент, ал біздің облысымыздан 23 студент қатысады, оның ішінде біздің балалар да бар.
Барлық қатысушыларға шын жүректен сәттілік тілейміз және ең мықтылар жеңсін дегіміз келеді!

Пікір үстеу

Открыть чат