23 желтоқсан күні «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ қабырғасында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын және «Worldskills Kazakhstan 2022» Ұлттық чемпионатының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Аталған рәсімге қатысушылардың бірі біздің колледждің «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының 3 курс студенті Оңайбекова Мерей қатысты, оны Қостанай облысы білім басқармасының басшысы Байменова З.А. мақтау қағазымен марапаттап, атқарған жұмыс үшін алғыс білдіріп Мерейге сыйлық табыс етті.
Сондай-ақ, біздің студенттің тәлімгері Аргимбаев Т.Е. осы байқауға дайындағаны үшін және осындай нәтижелерге қол жеткізу үшін білім алушыны сүйемелдегені үшін алғыс хатпен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсан күні Мерей Білім министрі А.К. Аймағамбетовтың қатысуымен өткен «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысу үшін еліміздің астанасына барып, білім министрлігінен мақтау қағазын алып және тәлімгердің атына алғыс хат алды.
Осындай жеңіске жеткендеріңіз үшін тағы да құттықтаймыз, колледж сізді мақтан тұтады!