Ашық есік күні

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында № 7 жалпы білім беретін мектептің шақырылуымен «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылды.

Мектеп түлектері біздің оқу орнымыздың мамандықтарымен, оқуға түсу ережелерімен және оқу шарттарымен танысты, оқу шеберханалары мен зертханалары көрсетілді. Жоғары оқу орны мен колледж оқытушылары біздің зертханалық кабинеттерімізде өз мамандықтары бойынша қолданылатын оқу жабдықтарын көрнекі көрсетті.

Балалар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды, атап айтқанда: оқу ақысы мен жатақхана, оқуға жеңілдіктер, гранттар және басқа да сұрақтар. Іс-шара соңында оқушыларға брошюралар мен түрлі-түсті жарнамалық буклеттер таратылды.

 

Пікір үстеу

Открыть чат