21 қыркүйек күні «Аналар күніне» орай «Ашық жүрек» клубының волонтерлері педагог-психолог Галиева Ж.М бірге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Амангелді ауданындағы Ленин көшесі 1/1 мекен-жайында орналасқан «Аналар үйіне» барды.
2013 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның белгілі кәсіпкерлерінің бірлескен жұмысымен республика бойынша жас аналарға арналған «Аналар үйі» көмек көрсету орталықтары ашыла бастады. Бұл әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жыл сайын балалар үйіне түсетін балалардың санын азайту мақсатындағы жұмыстың бірінші кезеңі болды. Осы бастама нақты формаға еніп, «ANA UYI» қоғамдық қоры тіркелді.
Бүгінгі таңда Қазақстанның 19 қаласында 21 «Аналар үйі» жұмыс істеуде. «Аналар үйі» қайырымдылық жобасы қиын өмірлік жағдайға тап болған 18 айға дейінгі балалары бар жас, жалғызбасты аналардың өмір сүруіне және толық қамтамасыз етілуіне көмек көрсетуге бағытталған.
«КИнЭУ Кәсіпкерлік колледжі» ММ «Ашық жүрек» клубының волонтерлерімен бірлесе отырып, осы қайырымдылық жобамен бірге алдағы уақытта тұрақты жұмыс істелетініне кәміл сенімді.