1 наурыз – бұл көктемнің алғашқы күні ғана емес, бұл достықты, түсінушілікті, жанашырлықты және қонақжайлылықты бейнелейтін күн. Бір сөзбен айтқанда, Алғыс айту күні болып саналады.
Біздің елімізде Алғыс айту күні 2016 жылдан бастап атап өтіледі. Мереке идеясы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.
Бұл күні түрлі этностық қоғамдастықтардың адамдары бір-біріне алғыс білдіріп, бастарынан кешірген қиын уақытта түрлі ұлт өкілдерін қабылдаған қазақтарға шын жүректен алғыс білдіреді.
Біздің колледж де шетте қалған жоқ. Студенттер Алғыс айту күнін үлкен ынтамен өткізді. Әрбір тілек білдіруші өз ата-бабаларының қоныс аудару тарихымен бөлісе алды. Студенттер өз отбасыларының оқиғаларымен қуана бөлісті. Білім алушылар өздерінің курстастарының тарихын үлкен қызығушылықпен тыңдады, өйткені кейбір студенттер ата-бабалары Қазақстанда қай кезеңнен және қандай жағдайда өмір сүре бастағаны туралы ойланбаған екен. Студенттерге қарап біз бұл мерекенің қаншалықты өзекті екенін көреміз.
Бұл мереке біздің елімізде ерекше және маңызды орын алатынына сенеміз. Өйткені Қазақстан көптеген халықтардың үйіне айналды.