7-11 ақпан аралығында» Рухани жаңғыру «бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекет қайраткері, қазақ тілі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ХХ ғасырдың басындағы қазақ жазуын реформалаушы, ағартушы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметі » тақырыбында кураторлық сағаттар өтті.
Кураторлық сағаттың мақсаты патриотизмге тәрбиелеу және өз отаны мен халқына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызметімен таныстыру, студенттердің ой-өрісін кеңейту болды.
Кураторлық сағатты өткізуге студенттердің өздері белсенді қатысты. Студенттер А. Байтұрсынов өнерінің бір қырын ашып, өз елінің шынайы азаматы мен патриотының портретін жасады.