Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған өлеңдер байқауы

2023 жылғы 27 сәуірде жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі аясында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған өлеңдер байқауы өткізілді. Байқауға ОПУ-49кБ және ОПУ-50Б топтарының 1 курс студенттері қатысты. Қазылар алқасына Западный шағынауданының кітапхана меңгерушісі Утебаева Айнагуль Абдикаримовна, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары Тавтыбаева Әлия Аблаевна және Бектасова Алтынай Арғынгельдиновна және М.Дулатов атындағы ҚИНЭУ кітапханасының меңгерушісі Евлентьева Оксана Львовна кірді. Студенттер А.Байтұрсыновтың өлеңдерін, Крылов ертегілерінің аудармаларын мәнерлеп оқыды,  бейнепрезентацияларын көрсетті,  облыстық өлкетану мұражайының көрмесімен танысты. Қазылар алқасының шешімімен 1 орынды Киіктай Данияр, 1ОПУ-49кБ тобы, 2 орын – Мараллұлы Жұмақан,1ОПУ – 49кБ тобы, 3 орын-Кузнецов Богдан,1ОПУ-50Б тобының студенттері иеленді.

Пікір үстеу

Открыть чат