«Студенттер Альянсы» ұйымдастырған экскурсияға ҚИнЭУ Кәсіпкерлік колледжінің студенттері қатысты.
Аталған экскурсия колледжінің әлеуметтік серіктестерінің бірі «Агромаш Холдинг KZ» АҚ базасында өткізілді.
Балалар оқу орталығында, өндіріс цехтарында, демалыс аймағында болды. Студенттер өндірістегі жұмыс пен тәжірибеге қатысты сұрақтарын қойды.