2020 жылдың 17 ақпаны мен 21 ақпаны аралығында «Белес» өнер орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаныңда «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» атты мектеп оқушылары мен колледж студентерінің арасындағы Республикалық видео байқауы өтті.
ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің студенттері Байғонысов Дәуіт, Қақшақпаев Жалғас, Нағашыбай Мархабат осы Республикалық видео байқауына қатысып дипломдарға ие болды.
Байқаудың шарттары бойынша біздің студенттер Абай Құнанбайұлының шығармасын видеоға түсірілген нұсқаны байқауға жіберді. Жіберілген жұмыстарының бағалануы @beles_oner жабық Instagram парақшасына жарияланды және көп лайк жинаған қатысушылар 1,2,3 орындар бойынша жеңімпаз атанды.
Байғонысов Дәуіт, Қақшақпаев Жалғас, Нағашыбай Мархабат «Абай оқулары» атты Республикалық өнер байқауына қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталды. Байқауға қатысушы-шәкірт дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушылары Бектасова Алтынай Аргынгельдиновна мен Тавтыбаева Алия Аблаевнаға арнайы Алғыс хат табыс етілді.
ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы
Бектасова Алтынай Аргынгельдиновна