1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын әлемнің 30-дан астам елінде атап өтіледі және ең көне халықаралық мерекелердің бірі болып табылады.

Балалар жылы аясында көптеген жаңа жобалар жүзеге асырылуда, әр баланың әлеуетін дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде.

Біздің колледж шетте қалған жоқ. Бүгін колледж еріктілері қаланың жастар ресурстық орталығымен бірлесіп тұрғын үйлердің аулаларында балаларға арналған эстафета ұйымдастырды.

Балаларға түрлі конкурстар, көңілді старттар ұсынылды және жалынды, жігерлі, тату флэшмобпен аяқталды.

 

Пікір үстеу

Открыть чат