img

Колледжде «Колледждегі заманауи сабақ: құрылымы, оқыту әдістері мен технологиялары» тақырыбында Жас маман мектебінің кезекті отырысы өтті.
Арнайы пәндер оқытушысы Абдыхалыкова К.С. «ТжКБ ұйымдарындағы заманауи сабаққа қойылатын талаптар» тақырыбында баяндама жасап, оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі тәсілдерін таныстырды.
Жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушылары Сармурзина А.Н. мен Шагаева Д.С. «Оқу сабағының түрлері мен құрылымы» тақырыбын ашып, сабақ кезеңдерінің реттілігі мен өзара байланысына назар аударды.
Отырыста жас педагогтер үшін маңызды мәселелер қарастырылды: сабақты жоспарлау, оқыту әдістері мен технологияларын таңдау, студенттердің жұмысын оқу мақсаттарына қол жеткізуге бағыттау. Жас маман мектебінің жұмысы жас оқытушылардың кәсіби дамуына және педагогикалық тәжірибе алмасуына ықпал етеді