2026 жылдың 14–15 мамыр күндері «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша чемпионат өткізілді. Байқауға 5 командадан құралған 10 қатысушы қатысты.
Чемпионатқа Жоғары Костанай автомобиль көлігі колледжінен 2 команда және Жоғарғы кәсіпкерлік КИНЭУ колледжінен 3 команда қатысты.
Байқау 2 күнге созылып, қатысушылар мехатроника саласы бойынша өздерінің кәсіби дағдыларын, техникалық білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Чемпионат жоғары деңгейде өтіп, тәжірибе алмасуға және студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға тамаша мүмкіндік болды.