Бүгін, 13 сәуір күні «Ашық диалог» форматында халықаралық серіктестеріміз — Коканд теміржол техникумімен онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, білім беру және теміржол саласы мамандарын даярлау бағытында тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, алдағы өзара әрекеттестіктің перспективалық бағыттары айқындалды.
Мұндай іс-шаралар халықаралық байланыстарды нығайтуға, серіктестік қатынастарды дамытуға және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Әріптестерімізге мазмұнды диалог үшін алғыс білдіреміз және алдағы уақытта нәтижелі ынтымақтастыққа сенім білдіреміз!